Қатысқандар саны: 5
Күн тәртібінде қаралатын мәселе:
- «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» жобасы бойынша, аттестаттау қағидаларына енген өзгерістер туралы .
- Тыңдалды.
Балабақшада «Шебер ұстаз – табысты оқушы» тақырыбында білім беру саласындағы маңызды өзгеріс – педагогтерді аттестаттаудың жаңа Ережесін жүзеге асырудың мүмкіндіктері талқыланды. Жиналысты балабақша меңгерушісі А.Жексембаева жүргізіп, Ережедегі бірқатар жаңашылдықтармен таныстырып өтті. Атап айтсақ:
- Педагог үшін «Ұстаз» Платформасы ашылады. Әр педагогтің жеке профилі болатыны өте ыңғайлы. Платформада педагог аттестациядан өтетін мерзімінде өтініш беріп, оның қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға мүмкіндік беріледі.Сонымен қатар, педагогтің уақытты үнемделеді. Педагог қызметін объективті бағалауда әділдік болады. Деректерді автоматты түрде жинау және кейбір деректерді қолмен енгізу функциясы болады. Бұл платформа педагогті өзін-өзі дамытуға ынталандырады.
- Педагог уақытша еңбекке жарамсыз болса, декреттік демалысқа шықса немесе білім беру ұйымынан мемлекеттік органдарға немесе әдістемелік кабинетке ауысса, онда оның біліктілік санатының қолдану мерзімі 2 жылға дейін (бұрын 1 жыл) ұзартылады;
- Педагог портфолиясы электрондық форматта ұсынылады;
- Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады.
- Тағайындалған біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады.
- Біліктілік санатын растау кезінде «Педагог шебер» немесе 30 және одн да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардың педагогтері ПББ тапсырудан босатылады, қызмет нәтижелерінің кешенді жинақтаудан өтеді;
Шешім:
- «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» жобасы бойынша түсіндірме жұмысы әрі қарай жалғасып, үнемі назарға алынсын.
Балабақша меңгерушісі: А.Жексембаева
Хатшы: Ш.Еримбетова