АТА-АНАНЫҢ ЕСІНЕ
ҚҰРМЕТТІ АТА – АНА!
- Балаңызды балабақшаға ұқыпты етіп киіндіріп, өз қолыңызбен тәрбиешіге тапсыруыңыз сұралады.
- Есіңізде болсын,Сіздің балаңызды тәрбиеші бейтаныс кісіге, кәмілеттік жасқа толмаған балаға алдын ала ескертуіңіз не болмаса арнаулы құжат болмаса беруге мүлдем болмайтыны.
- Балаңызды балабақшаға сағат 9.00 – дан қалдырмай әкелгеніңіз жөн, себебі басқа балалармен бірге ертеңгілік жаттығуды жасауға, ойын ойнауға, достарымен еркін жүздесуіне қолайлы.
- Егер Сіз балаңызды ертеңгілік жаттығу жасалып жатқан мезгілде әкелсеңіз, онда жаттығу біткенше тәрбиеші мен балаларды алаңдатпай баланы шешіндіріп шешіну бөлмесінде күте тұрғаныңыз абзал.
- Педагог Сізбен балаңыз туралы таңертең және түскі үзіліс кезінде сөйлесуге әзір. Ал басқа уақытта педагог топ балаларымен жұмыс жасайды, сондықтан алаңдатпауларыңыз сұралады.
- Сізді алаңдататын, не болмаса басқа да жағдайларды балалардың көзінше айтпауларыңыз сұралады. Егер мәселе шиеленіссе мектеп директорына келуіңізге болады.
- Балабақшада ата – аналарға арналған кеңес өткізіледі, бала тәрбиесіне байланысты сұрақтарға жауап алуыңызға болады.
- Сізден сұрарымыз балалардың қалтасына өткір, ұсақ заттар т.с.с заттардың болмауын қадағалаңыз!
- Есіңізде болсын ! балабақша - аурухана емес, баламен бірге дәрі – дәрмек бермеулеріңіз сұралады.
- Сізден сұрайтынымыз ауырған баланы балабақша әкелмеңіз, үйден емдеңіз! Ауырғандығы жөнінде сол бойда мына телефон арқылы хабарлаңыз: 5-35-54.
- Ауырған баланы міндетті түрде балабақшаға келуіне болады деген анықтамамен әкелуіңіз сұралады.
Ата-аналарға психологиялық кеңес
- Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
- Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
- Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
- Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
- Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
- Баланың әрір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
- Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
- Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
- Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
- Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар.
- Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
- Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.
Ата – аналарға кеңес
- Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
- Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
- Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс — әрекетпен айналысып отырса.
- Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.
- Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
- Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
- Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.
- Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
- Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
- Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.
- Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.
- Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
- Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
- Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
- Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
- Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
- Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
- Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
- Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.